Қызылордада құрылыс жұмыстарының көлемі 116,6 пайызға өсті
Брифингте сала басшысы 2023 жылы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен 44,5 млрд. теңге бөлінгенін айтты. Бұл қаржыға 135 нысанның құрылысы жүргізілетін болады.
«Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болып отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Ол қаржыға 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. Мұнан өзге, қаламыздың сол жағалауындағы көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы алуға өтінім әзірленуде. Сонымен қатар, бюджет есебінен алғаш рет Сырдария өзенінің сол жағалауында 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша бюджеттен 46 жобаны іске асыруға қаржы бөлінді», - деді Ерлан Кәрімбекұлы.