Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫқпЕН ҮНДЕСКЕН СЕМИНАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫқпЕН ҮНДЕСКЕН СЕМИНАР

Қазақстан – тарихы терең, тағдыры күрделі, арманы асқақ ел. Бүгінде тәуелсіздіктің тұғыры берік, болашағы жарқын. Ал бұл мемлекеттіліктің негізін қалаған ұлы құндылықтардың бірі – мемлекеттік рәміздер. Халықтың ерік-жігерін, азаттығын, ұлттық рухын, ұлттың тағдыры мен бірегейлігін бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің тұтастығын айқындайтын қасиетті белгілер. Бұл – жай ғана таңба емес, бұл – халықтың жүрек лүпілінен туған киелі нышандар.
Бейсенбі күні «Руханият» орталығында Шиелі ауданы әкімінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында, «Қазалы-Жомарт» қоғамдық-бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ел рәміздері – еркіндіктің нышаны» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жүргізіп, семинардың өту мақсатына тоқталды.
– Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Ел тәуелсіздігінің басты құндылығы – мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бағытындағы жұмыстарды аудандағы барлық мемлекеттік мекеме де өз дәрежесінде жүргізулері тиіс.
Келешек ұл-қыздарды патриоттыққа тәрбиелеп, өскелең жас ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын насихаттау мәселелеріне басым көңіл бөлуіміз қажет. Елтаңбаны логотип ретінде емес, ұлттық рух сыйлар мақтаныш символы ретінде қарау керек.
Әрбір тәуелсіз ел Мемлекеттік рәміздерінің мәртебесін көтеріп, оны кеңінен насихаттауы тиіс. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу үшін алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуы тиіс. Сіздердің қатысуларыңызбен өтетін семинар мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды орындау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану тәртіптері туралы әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатын көздейді, – деді Б.Ысмағұлов өз сөзінде.
Семинарға облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкері Майра Бегімханқызы және кент және ауылдық округтерде, дербес бөлімдер мен облысқа қарасты мемлекеттік мекемелерің басшылары мен мемлекеттік рәміздермен айналысатын қызметкерлер, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб директорлары,кітапхана қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, Шиелі индустриалдыаграрлы колледж қызметкерлері мен аудан жастары қатысты.
Әрі қарай аудандық семинарға арнайы келген облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкері Майра Бегімханқызы мемлекеттік рәміздер жайында құнды ақпараттармен бөлісіп, қолданылу тәртібін түсіндірді.
Сонан соң Майлытоғай, Қарғалы ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және насихатталуы туралы ауыл әкімдері хабарлама жасады. Сонымен қатар семинар аясында мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру, олардың насихатталуы мақсатында атқарылған жұмыстар жайында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аруна Әзімхан, мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағал және зерделеу ­бойынша биыл атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жұмыс ­жоспары туралы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев хабарлама оқыды.
Семинар соңы аудан өнерпаздарының дайындаған елдік рухты асқақтатар өлеңдері мен патриоттық әніне ұласты. Жиналған қауымға ерекше әсер сыйлаған күміс көмей әншілер жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленіп, семинардың шырайын аша түсті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған азаттығы мен дербестігі бүгінде шынайы шындыққа айналды. Соның айғағы – мемлекеттік рәміздер. Бұл белгілер біздің Тәуелсіздігіміздің мәңгілік символына айналып, елдікті, бірлікті, отансүйгіштікті ұрпақ санасына сіңіріп келеді. «Туың жығылмасын!» деген ұлағатты сөз – елдің еңсесін тіктейтін рухты тірек. Біз сол байрақты биікте ұстауға, Елтаңбаны төрге ілуге, Әнұранды асқақтата шырқауға міндеттіміз. Себебі рәмізге құрмет – елге деген адалдықтың айнасы. Ал елін сүйген азамат – ешқашан туған жерін жатсынбайды, рәмізін аяққа таптатпайтыны сөзсіз.

М.Ибрагимов
23 желтоқсан 2025 ж. 30 0

Қоғам

ӨНЕР МЕН ТӘРБИЕ ТОҒЫСҚАН ОРТА
23 желтоқсан 2025 ж. 30

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031