МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Жуырда тәуелсіздік күніне орай «Арман» мәдениет үйінде Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Арман асуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен «Мемлекеттік рәміздер – кемел келешектің кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Бұл ауқымы іс-шара мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды орындау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану тәртіптері туралы әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкері Майра Бегімханқызы және кент және ауылдық округтерде, дербес бөлімдер мен облысқа қарасты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздермен айналысатын қызметкерлер, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб директорлары мен кітапхана қызметкерлері, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, Шиелі индустриалды аграрлы колледж қызметкерлері мен жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімі орынбасарының алғашқы сөзінен кейін барлық қатысушылар елдік пен ерліктің ұраны – Мемлекеттік Гимді бірге орындады.

Семинар барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкері Майра Бегімханқызы мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды орындау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы түсіндірме жұмысын жасады. Әрі қарай «Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және насихатталуы» туралы Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі К. Маматов, Жиделіарық ауылдық округінің әкімі Е. Әбілдашев, Ақмая ауылдық округінің әкімі Ғ. Бейсембаев, №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің директоры Айгүл Сүлейменқызы мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бағытындағы жұмыстары бойынша хабарламасын айтты.
Сондай-ақ қазақ елінің Әнұранын асқақтатып, Көк байрағын көкке көтеріп жүрген Қазақ күресінен Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Евразиялық ойындарының чемпионы, Белбеу күресінен Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, әлем чемпионатының 2 дүркін күміс, 4 дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Райымбек Ғабитұлы Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, рәміздерге деген құрметі, жастардың отансүйгіштік сезімін ояту, патриотизмге үндеу бағытында және жеңісті сәттердегі Гимн орындалғанда сезімдерімен бөлісті.
Семинарды қорытындылау сәтінде Мемлекеттік рәміздерімізді насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, аудан әкімінен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкері Майра Бегімханқызы «Өскен өңір» газетінің 85 жылдығына арналған кітапқа ие болса, ал №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің директоры Елжасарова Айгүл, Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкері Маржан Бақытқызы да марапат биігінен көрінді. Сонымен бірге Шиелі ауданының оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогтері Бағила Кенжаева, Манат Оспанова, Айсұлу Ханқожаева да құрметке бөленді. Оқушылар Сымбат Абдуллаева, Айша Сайпырхан мен Таңсұлу Қайратбекке де алғыс хат табысталды.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ