Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті

Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті

Кеше аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен мәжіліс залда мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру, олардың насихатталуы мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы Шиелі аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Әшірбеков хабарлама жасады.
Екінші мәселе ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңының орындалуы мен мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолдану жұмыстары туралы Қоғалы, Иіркөл, Тартоғай ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе кент және ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы бойынша зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев баяндама жасап, анықталған кемшіліктерге тоқталды.
Комиссия төрағасы Б.Ысмағұлов қоғамдық даму бөліміне 1 ай уақыт ішінде қайта зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тағы да кемшіліктер орын алған жағдайда бірінші басшыға айыппұл салу туралы тапсырма берді.
12 маусым 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930