Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

Рәміздерге құрмет – ортақ міндет – "Алатау Арайы" газеті 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді айқындайтын басты нышандардың бекітілгеніне биыл 33 жыл. Елдігіміздің белгісі ретінде Көк байрағымыз бен Елтаңбамыз және Әнұранымыздың  өз орны мен ерекше мәні бар.
Кез келген елдің Тәуелсіздігінен оның рәміздерін бөле-жара қарауға болмайды. Өйткені, бұл нышандар егемендіктің басты символы. Сондықтан, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін бекіту жұмыстары Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан басталды.

Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да, мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғары оқу орындарында да, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында да көрнекті орындарға орналастырылған. Балабақша бүлдіршіндері оң қолының алақанын жүрек тұсына қойып «Менің Қазақстанымды» шырқағанда ерекше бір сезімге бөленетінің, жігерленіп қанаттанатының рас. Бұл ел болашағы – жастардың өз Отанын, өз жерін, өз елін қорғауға деген сезімін оятып, сенімін нығайтатыны анық.
Өз халқымыздың, өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің ресми қалыптасқан құндылықтарын бағалап, қастерлей білу – әрбір қазақстандық азаматтың қастерлі борышы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші.  Мемлекеттік рәміздерге жергілікті ұлт өкілдері ғана емес, қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстар да құрметпен қарауы шарт. Мемлекеттік рәміздер патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда, ерекше мәнге ие. Рәміздерде қазақ халқының дүниетанымымен қатар тарихына да айрықша мән берілген. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп қалатын асыл мұратымыз, ұлттық ерекшелігіміз.
Назира Төлешова,
Шиелі аудандық архивінің қойма меңгерушісі
03 маусым 2024 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30