Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙНАҒАН ҚҰРЫЛЫС, ЖАҢАРҒАН КЕНТ

ҚАЙНАҒАН ҚҰРЫЛЫС, ЖАҢАРҒАН КЕНТ

Шиелі бүгінде құрылыс қарқыны бәсеңдемеген, жаңғыру легі толастамаған үлкен өзгерістер алаңына айналып отыр. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылым жаңарып, кенттің келбеті күн сайын жаңа реңге еніп келеді. Осындай серпінді кезеңде жақында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындармен ашық форматта кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды кеңінен бөлісті. Бұл – тек дәстүрлі есеп беру емес, кенттің даму бағытын бірге айқындаған маңызды диалог алаңы болды.
Өңірдің қазіргі тынысы – атқарылған нақты тірліктің, жүйелі қолдаудың және тұрғындардың белсенділігінің нәтижесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында аудан көлемінде ауқымды жобалар іске асуда. Мұндай өзгерістерді тұрғындар күнделікті өмірден-ақ сезініп келеді: жаңа нысандар, абаттанған аумақтар, сапалы жолдар, әлеуметтік саладағы жаңғыру – бәрі бір көзге көрінетін деңгейге жетті.
Жыл басынан бері Шиелі кентінде ел игілігіне берілген нысандар аз емес. ­«Руханият орталығының» ашылуы мәдени кеңістікті кеңейтсе, 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» балалардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік сыйлады. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты және ауданаралық аурухана жанынан салынған МРТ корпус – денсаулық сақтау саласына жасалған үлкен қолдау. Сонымен қатар
№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің күрделі жөндеуі, көпқабатты үйлердің пайдалануға берілуі, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының жаңаруы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыра түсті. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған кәсіпкерлік нысандар да кент экономикасына серпін берді. Теріскей бетте салынған денешынықтыру-сауықтыру кешені де – спортты қолжетімді еткен тағы бір маңызды жоба.
Инфрақұрылым мен абаттандыру бағытындағы жұмыстар да ерекше қарқынмен жүзеге асырылуда. Халыққа қызмет көрсету орталығының алды толықтай қайта жасалып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырылды. «Руханият орталығының» алдындағы заманауи субұрқақ жаңа мәдени демалыс аймағын ашса, орталық аурухана жанынан салынған «Денсаулық аллеясы» тұрғындардың тынығып, серуендейтін жаңа кеңістігіне айналды. Ы.Жақаев атындағы №244 мектеп ауласында балалар ойын және жаттығу алаңы орнатылып, Дәулеткерей көшесіне 480 метр қоршау жүргізілді. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылып, «Самара-Шымкент» тас жолының жөнделуі және кентішілік көшелердің күрделі жөндеуі – транспорт инфрақұрылымының сапасын жақсартты.
Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын еркін жеткізді. Аудан басшысы әр мәселені назарға алып, сала басшыларымен бірге шешу жолдарын нақтылады. Ол барлық ұсыныс бақылауда болатынын, жұмыстар заң аясында кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.
Қайнаған құрылыс пен жаңарған кент – Шиелінің даму жолындағы тың серпін. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар ауданның өркендеуге бет алғанын аңғартады. Ең бастысы – осы өзгерістердің барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ
14 желтоқсан 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031