Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ӨНЕР КЕШІ

ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ӨНЕР КЕШІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Тиісінше бұл берекелі бастама қоғамға жаңаша серпін берді. Себебі ауылдағы қарапайым еңбек адамын ұлықтау – елдің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі. Осы орайда, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл күндері» байқауы бастау алып, аптаның әр жұмасының кешінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама. Байқау аясында елді мекендерде абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының маңызы кеңінен насихатталуда.
Бұл игі бастама ауыл халқының рухын көтеріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға үлкен үлес қосуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келген өткен жұма күнгі іс-шара «Денсаулық аллеясында» өтті. Бұл аллея – тұрғындардың өмір сапасын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын, жаңадан бой көтерген ерекше орын.
Бұл жолғы байқауда Жаңатұрмыс және Телікөл ауылдық округтерінің өнер ұжымдары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен рухани әсер сыйлады. Байқауға арнайы келіп қатысқан аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, «Ауыл күндері» байқауы – тек мәдени іс-шара ғана емес, ауыл өмірін жандандыратын, еңбек адамдарының беделін көтеретін, үлкен әлеуметтік жобалардың бірі. Бұл – ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, елдік рухты арттыруға бағытталған берекелі бастама екенін жеткізді.
Іс-шарада екі ауылдық округте ауылдан шыққан тарихи тұлғаларын дәріптеп арнайы көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ ауыл өнімдерінен, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бұйымдарды көрермен назарына ұсынды. Сонан соң, сахна төріне екі ауылдың өнерпаздары көтеріліп әуелете ән шырқап, ауыл тарихынан сыр шертетін көрініс қойып жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар байқауда қос ауылдың өнерлі жастары да төбе көрсетті. Олар жүректен шыққан жауһар өлеңдерін оқып, күмбірлете күй тартып, мың бұрала биледі. Осынау тамаша көрініске куә болған көрермен қауым қошеметтеп қол соғып, жас өрендердің өнеріне жоғары баға берді.
Кеш барысында ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын сахналық қойылымдар, патриоттық әндер, жергілікті өнерпаздар туындылары ыстық ықыласқа бөленді. Бұл шара ауыл өнерпаздарының әлеуетін танытып қана қоймай, ауыл азаматтарының мәдени өмірге белсене араласуына жол ашады.

М.ИБРАГИМ
03 қыркүйек 2025 ж. 42 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 33

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930