Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ⚜БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ «МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТТІ

⚜БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ «МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданындағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы бастау алды.
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылындағы №251 М.Әуезов атындағы орта мектептегі салтанатты шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ білім саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ардагер ұстаздар мен сала жетекшілері Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, №251 мектептің ардагер ұстазы Күнімай Әбенқызы жаңа оқу жылының табысты болуына тілектестік білдіріп, алғашқы қоңырау үні соғылды.
№251 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп 1939 жылы №18 бастауыш мектеп болып ашылған. 1975 жылы қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілген. Бүгінде мектепте 419 оқушы білім алып, 79 мұғалім еңбек етуде. Ал жаңа оқу жылында 44 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Шиелі ауданында жалпы білім беретін 40 мектеп бар, оның ішінде 2 жеке мектеп жұмыс істейді. Бүгінде ауданда үш ауысымдық немесе апатты мектеп жоқ. Бұл – білім инфрақұрылымына жасалған орасан зор қамқорлықтың нәтижесі.
Қазіргі таңда аудан бойынша 18 174 оқушы білім алуда. Оларға 2600 білікті педагог сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Жаңа оқу жылы қарсаңында 1570 бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймағымызда білім саласында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.
Ауданымызда соңғы жылдары:
• Құны 1 млрд 68 млн теңге болатын 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық өнер мектебі пайдалануға берілді;
• №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді;
• Жаңатұрмыс ауылдық округінде және Иіркөл ауылдық округінің Жансейіт елді мекенінде жаңа мектептер бой көтерді;
• Шиелі кентіндегі №252 Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясына 375 орындық қосымша ғимарат салынды.
Биылғы түлектердің басым бөлігі ҰБТ-ға қатысып, ауданымыздың орташа көрсеткіші 84,3 балды құрады. Сонымен қатар, облыстық тамыз конференциясында №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей «Орта білім беретін үздік ұйым» атанып, 34 млн теңгелік грантқа ие болды.
Бұл жетістіктер – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың, ұстаздар қауымының маңдай тер еңбегінің, ата-аналардың қолдауы мен шәкірттердің талпынысының айқын жемісі.
Білім беру саласына жасалған мұндай қамқорлық – жас ұрпақтың болашағына салынған берік негіз. Өйткені сапалы білім алған ұрпақ – елдің ертеңін жарқын ететін басты кепіл.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930