Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Жексенбіге қарамастан, 1 қыркүйек күні барлық мектепте алғашқы қоңырау салтанатты түрде соғылды. Көңілдері алыпұшып, мектепке асыққан балдырғандардың шат көңілі, ұстаздар мен ата-аналардың қуанышты сәті көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Осындай мерекелік шара №49 мектепте де шымылдық түрді. «Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанаты еліміздің Әнұранымен ашылып, мемлекеттік Ту көтерілді. Мұнан соң бітіруші түлектер мен мектеп қабырғасына алғаш қадам басқан бүлдіршіндер ұстаздарымен бірге ортаға шықты. Биыл аудан бойынша 18 378 оқушы 3 мыңнан аса ұстаздан білім алмақ. Оқушылардың 1600-і бірінші сыныпқа тарыдай болып қабылданған бүлдіршін. Ал Ақмая ауылындағы №49 мектепте 84 мұғалім мен 450-ден аса оқушы жаңа оқу жылын сәтті бастады. Бірінші сыныпқа 48 оқушы қабылданса, 35 оқушы бітіруші түлек атанып отыр. Мерекелік жиындағы алғаш құттықтау сөзді ауыл әкімі Ғалымжан Бейсембаев пен білім ордасының директоры Мұрат Тұрабаев алып, оқушылар мен олардың ата-аналарын білім күні мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Артынша құттықтау сөз кезегі берілген ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы Кенжетай Палмағанбет пен әйелдер кеңесі төрайымы Жәмилә Әділбек мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге ықыласын арнады. Салтанатты шарада 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндер ұстаздарына, ата-аналарына арнап тақпақ айтса, өнерлі шәкірттер әннен шашу шашты. Алғашқы қоңырау соғылып, мерекелік бағдарлама сыныптардағы тәрбие сағаттарына жалғасты.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
04 қыркүйек 2024 ж. 111 0