Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАРАПАТ МІНБЕРІНЕН КӨРІНДІ

МАРАПАТ МІНБЕРІНЕН КӨРІНДІ

Шиелі ауданы ауыл шаруашылығын жүргізуге өте қолайлы аймақ. Шөбі шүйгін, жері құнарлы. Еккен егіні бітік, өсірген малының еті бойға қуат болып дариды. Осыны білген жұрт ертеден шаруашылыққа көңіл бөліп, экономикалық тұрақтылықты сақтап, әлауқатын жақсартып отыр.

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні. Бүгінде елімізде бұл салада 15 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында талмай еңбек етіп келеді. Қазіргі заманғы ветеринария сан саланы қамтиды. Бұл – жұқпалы ауралардың таралуын бақылауды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін, тамақ өнеркәсібін санитарлық–гигиеналық қолдауды және экожүйелерді қорғауды қамтамасыз ететін тұтас жүйе. Ветеринария мамандары жануарларға да, адамдарға да қауіп төндіретін эпидемияның алдын алуда шешуші рөл атқарады. Төл мерекеге орай, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген мамандар марапат мінберінен көрінді. «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен су, балық шаруашылығы, ветеринария қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен сала қызметкерлері қатысты. Аймақ басшысы су, балық, мал шаруашылығы және ветеринария салаларында атқарылған жұмыстарды саралап, жиналған жұртшылықты кәсіби мерекемен құттықтады. Осынау мерейлі мезетте ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен Еңбекші ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Әлімхан Ишанқұл, «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен эпизоотолог ветеринар дәрігер Жандос Палжанов марапатталды. Сондай-ақ салтанатты шарада Жөлек ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Тұрсынбек Диханбаев, Қоғалы ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Ғани Аблаев, Бестам ауылдық округінің ветеринар дәрігері Гүлзина Байдарбекова, Бәйгеқұм ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Нұрболат Жүсіповке облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сондай-ақ сала мамандарына 5 қызметтік автөкөліктің кілті табысталды. Бұл мерелік шара Шиелі ауданында жалғасын тапты. Аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, үздік қызмет атқарған бір топ қызметкерлерді марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Айта кетейік, Қызылорда облысы ветеринария басқармасының Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы ШЖҚ КМК-не қарасты кент және ауылдық округтерде 23 ветеринариялық пункттері бар. Барлық ветеринариялық пункттер интернет желісімен, холодильник, автокөліктермен тағы да басқа қажетті құралдармен толық жабдықталған. Биыл Иіркөл және Талаптан ауылдық округтеріне жаңа ветеринариялық пункт ғимараты соғылып пайдалануға берілді. Шілде айының қорытындысы бойынша ауданда ірі қара мал – 85 099, ұсақ мал – 142 615, жылқы – 27121, түйе – 1870, шошқа – 50 басты құрап отыр. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (таңбалау, сырғалау, чиптеу) мақсатында ағымдағы жыл басынан бүгінгі күнге дейін МІҚ – 12 541, ұсақ мал – 31 991, шошқа – 27, жылқы – 2 335, түйе - 256 бас төлдері таңбаланып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қоры базасына енгізілген.

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
14 шілде 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031