ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ҚОС ҚЫЗМЕТ
Құрметке лайық қос қызмет бар.Оның бірі ветеринария мамандығы болса, енді бірі балық шаруашылығы саласы. Бәріңізге белгілі, 10 шілде ветеринария саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Бұл мамандық жауапкершілікті талап ететін маңызды салалардың бірі. Мұнда кездейсоқ адамдар болмайды. Қызметкерлер өздерінің күнделікті еңбегімен жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы, оларды өңдеу және сақтау ережелерді қадағалай отырып, жануарлар және адам денсаулығын қауіпті аурулардан қорғайды. Шілденің екінші жексенбісі – Балық шаруашылығы қызметкерлер күні екенін естеріңізге салайық. Бұл күнде мерекелік күнтізбеде өзіндік орны бар. Айтулы күн балық шаруашылығын дамытудың тың тетіктерін дамытуға мүмкіндік беріп, ортақ іске бірігетін балықшы қауымның мәселесін оңтайлы етуге жол ашады. Міне, осы қадірлі мамандық иелері Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығында жұма күні марапат төрінен көрінді.
– Құрметті, ветеринария мен балық шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Шиелі ауданы жыл сайын жаңарып, жаңғырып, экономикалық әлеуеті өсіп келе жатқан аймақтың бірі. Өңірде балық өндіруге қолайлы иесі бар 30 көл бар десек, барлығы дерлік балық шаруашылығымен кәсіби түрде айналысуда. Бұл дегеніміз аудан экономикасынан бөлек әлеуметтің әлеуетінің артуына да көп ықпал етеді деген сөз. Ветеринария саласында қызмет ететін мамандардың да еңбегі орасан зор. Сіздер халықтың денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосып, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Қадірлі қауым, «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп дана халқымыз айтқандай, күннің ыстығы мен суығына қарамастан саланың дамуына үлес қосып жүрген сіздерге құрмет көрсету – біз үшін маңызды міндеттердің бірі, – деді ол.
Айта кетейік, ветеринария қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық, аудандық ветеринариялық станцияларға 26 жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Оның ішінде Шиелі ауданының (Жаңатұрмыс, Қоғалы, Қарғалы, Сұлутөбе, Телікөл) ауылдық округінің ветеринар мекемелеріне 5 автокөлік бұйырды.
Сонымен қатар салтанатты шарада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласына мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін «Садақ» шаруа қожалығының төрағасы Б.Файзуллаұлы кеудесіне тақты. Облыс әкімінің Алғыс хатымен 8 білікті маман сахна төріне шығып құрметке бөленсе, облыс әкімінің орынбасары Б.Жахановтың Алғыс хатымен Ә.Сейілханов, Н.Ахметов, Ж.Калимбетов, Ә.Үйсімбаев, Д.Абдрахимов марапат төрінен көрінді. Сондай-ақ мерекелік басқосуда қос қызметкерлер арасында облыстық ветеринария басқармасы және аудан әкімі Н.Сәбитұлының Алғыс хатымен марапатталғандар да болды. Шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айнұр ИБРАШ