Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысына аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, партия филиалының Атқарушы хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, ауылдық округі әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы жүргізіп отырды.
Партиялық бақылау комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе ұсынылды.
1. Жол картасындағы Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыру бағыты бойынша Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің есебін тыңдау туралы
2. Жол картасындағы Бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша Шиелі аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының есебін тыңдау туралы
3. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Ақтоған ауылдық округі әкімінің есебін тыңдау туралы
4. Шиелі ауданы бойынша білім беру ұйымдарында орын алған қоғамдық саяси ахуал туралы резонанстық мәселелерін қарау туралы.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Партияның негізгі міндеттерінің бірі - халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, кері байланыс орнату. Бұл бағытта партияның аудандық филиалында жергілікті атқарушы органдар басшылары арнайы кестеге сәйкес қабылдаулар өткізіп келеді. Бұл ретте, тек тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу маңызды екенін ескертті.
26 маусым 2025 ж. 96 0