Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРҒАН

ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРҒАН

Жылыжай - табыс көзі. Көкөністің күтімі күпті,бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан. Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз. Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек.

Жаңақорған ауданындағы Айымбетовтер әулеті жылыжай жұмысын жолға қойған. “Ауыл аманаты” жобасы аясында несие алып, жылыжай салып, сол жерден несібесін алуда. Кәсібін ұлғайту мақсатында 4 000 000 тг несие алып, қазіргі таңда қияр мен қызанақ өнімдерін өндіріп, сатуда. Кішкентай ауылда көптің алғысын арқалап жүрген Наурызбай Айымбетов тұрғындар тарапынан сұраныстың да жақсы екенін айтты. Түгел ауданды қамтып отыр. Бүгінде кәсіпкер бақшасында алма, алмұрт, жүзім жемістері бар. Кәсіп иесі отбасылық бизнесті өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі деп есептейді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 маусым 2025 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930