Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖӨЛЕКТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАНДАНУДА

ЖӨЛЕКТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАНДАНУДА

  Шиелі шаруашылықтың қай түрін болмасын тез иегере алатын мекен. Айта кету керек, ауданда жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда ірілі-ұсақты бірнеше жылыжай бар. Соның арқасында жергілікті тұрғындар көкөніс, бау-бақша өнімдерімен толық қамтылып келеді. Кентте жылыжай салып, кәсібін дөңгелетіп жөлектік кәсіпкер – Аюпхан Ксенбай.
Жылыжай – кәсіптің табысты бағыты әрі халықты таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Әлемде жылыжай салудан Қытай – бірінші орында. Бұл елдің жылыжай шаруашылығының алқабы шамамен 1,5 млн гектар аумақты алып жатыр. Аталған сала бойынша дамыған елдер тізімінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Испания, -Жапония, т.б. елдер бар. Ал Қазақстанда бұл бағыт бойынша – Шымкент қаласы көш бастап тұр. Бұл өңірді «Жылыжайлар астанасы» деп атайды. Оған шымкенттік өнімдердің барлық өңірде жылдың төрт мезгілінде де сатылып жатқаны дәлел болады. Сондай-ақ Қызылорда да жылыжай өндірісі жанданып келеді. Ал Шиеліде барлығы 13 жылыжай болса, оның 2-еуі нақты жұмыс істеп тұр, ал қалғандары әзірге әртүрлі себептермен өз жұмысын тоқтатқан. Оған шаруалардың бір қатары жердің тозып, топырақтың құнарсызданып, климаттың өзгеруі себеп десе, енді бірі мемлекеттен тиісті қолдау жоқтығын айтып налиды. Бір жағынан ауданда жылыжай өндірісінде ілгерілеушілік байқалғанымен жергілікті кәсіп иелері жылдың екі мезгіліне ғана күш салады. Әттеген-айы, біздегі жылыжайлар қыста өнім беруге қауқарсыз. Елдегі жиым-терім аяқталып, қысқа аяқ басқанда жергілікті жылыжай өнімі де тоқтайды. Халық сырттан келетін өніммен азықтануға мәжбүр. Жыл он екі ай дастарқаны жыйылмайтын қонақжай қазекем үшін бұл, әрине пайдасыз.
Тағы бір айта кететін жайт, жылыжайда өскен ауыл шаруашылық дақылдарының біршама артықшылығы бар. Атап айтар болсақ, өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді, көкөніс жылдам өніп, далада өскен көкөніске қарағанда көз тартарлықтай жылтыр болады. Екінші, өнім жабық жерде өскендіктен күннің иісі сезілмейді. Бұл даладағы дақылмен салыстырғанда дәмі жағынан өзгешелікті байқатуы мүмкін. Десе де, ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың маңыздылығы еш жойылмайды. Осындай жылыжайға қатысты мол мәліметтерді Жөлек ауылындағы кәсіпкер Аюпханнан естіп, білдік.
– Жылыжайдың іші жыл он екі ай жылы болуы тиіс. Мен 2019 жылы бағасы 340 мың тұратын пешті алдырттым. Бұл пештің бір артықшылығы есік ашылған сәтте бірден салқын ауаны бойында сақтап тұрады. Мен тек қияр ғана емес, тәтті болгар бұрышын өсіруді де қолға алдым. Өйткені, әр көкөністің күйі бөлек. Мәселен, қияр ылғалдықты сүйеді. Оның қасына құрғақ ауада өсетін көкөністі өсіре алмайсың. Қиярдың бірнеше түрін өсіріп көрдім. Барлығының шығымы жақсы. Алда жос¬парым көп. Мәселен, 1 гектар жерге қарбыз егуді бастағалы отырмын, – дейді жылыжай иесі.
Топшылай келе, ауданда кәсіппен айналысам деуші азаматтарға әрқашанда қолдау көрсетіліп отыр. Болашақта өзінің кәсібін жоғары деңгейге дейін көтеріп, ауқымын кеңейтуге ниетті. «Кім? Қайдан? Қашан береді?» деп алақан жайып отырмай, қолынан келген кәсіппен айналысып, пайдасын көріп, ел алғысына бөленуге талпынған адамның қолынан келерін тағы бір дәлелдей түскендей. Олай болса, жұмыс сұрап, табалдырық тоздырғанша, өз бетімен еңбек етіп, күн көруге ұмтылатын уақыт таяған сыңайлы.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі

24 қараша 2022 ж. 1 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930