Жөлектегі жылыжай
Егін жайын айтқанда хакім Абайдың «Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген өміршең өсиеті еске оралады. Мәселен, көктемгі егістік науқаны басталды. Бірі гектарлатып қауын ексе, енді бірі картоп өндірісін мықтап қолға алған. Ал олардың ішінде жылыжайдан несібесін тапқандар да бар. Жылыжай салу, оның бабын табу оңай шаруа емес. Алайда сол кәсіптің көзін тауып, құпиясына қаныққан, жөлектік кәсіпкер Аюпхан Ксенбайдың берекелі ісі кімге болсын үлгі боларлық.
Жылыжай – кәсіптің табысты бағыты әрі халықты таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Әлемде жылыжай салудан Қытай – бірінші орында. Бұл елдің жылыжай шаруашылығының алқабы шамамен 1,5 млн гектар аумақты алып жатыр. Аталған сала бойынша дамыған елдер тізімінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Испания, Жапония, т.б. елдер бар. Ал Қазақстанда бұл бағыт бойынша – Шымкент қаласы көш бастап тұр. Бұл өңірді «Жылыжайлар астанасы» деп атайды. Оған шымкенттік өнімдердің барлық өңірде жылдың төрт мезгілінде де сатылып жатқаны дәлел болады. Сондай-ақ Қызылорда да жылыжай өндірісі жанданып келеді. Ал Шиеліде барлығы 13 жылыжай болса, оның 2-еуі нақты жұмыс істеп тұр, ал қалғандары әзірге әртүрлі себептермен өз жұмысын тоқтатқан. Оған шаруалардың бір қатары жердің тозып, топырақтың құнарсызданып, климаттың өзгеруі себеп десе, енді бірі мемлекеттен тиісті қолдау жоқтығын айтып налиды. Бір жағынан ауданда жылыжай өндірісінде ілгерілеушілік байқалғанымен жергілікті кәсіп иелері жылдың екі мезгіліне ғана күш салады. Әттеген-айы, біздегі жылыжайлар қыста өнім беруге қауқарсыз. Елдегі жиым-терім аяқталып, қысқа аяқ басқанда жергілікті жылыжай өнімі де тоқтайды. Халық сырттан келетін өніммен азықтануға мәжбүр. Жыл он екі ай дастарқаны жыйылмайтын қонақжай қазекем үшін бұл, әрине пайдасыз.

Тағы бір айта кететін мәселе, жылыжайда өскен ауыл шаруашылық дақылдарының біршама артықшылығы бар. Атап айтсақ өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді, көкөніс жылдам өніп, далада өскен көкөніске қарағанда көз тартарлықтай жылтыр болады. Екінші, өнім жабық жерде өскендіктен күннің иісі сезілмейді. Бұл даладағы дақылмен салыстырғанда дәмі жағынан өзгешелікті байқатуы мүмкін. Десе де ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың маңыздылығы еш жойылмайды. Жылыжайға байланысты мол мәліметтерді Жөлек ауылындағы кәсіпкер Аюпханнан естіп, білдік.
Еңбекпен еңсе тіктеп, тал бойына адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен табандылық дарытқан оның әкесі Бәкір Ксенбай мен анасы Шәрипа Битебаева ұзақ жылдар бойы «Бәйгеқұм» ауылында егін егіп, тер төге еңбек етіп, адал жолмен көпке үлгі болған жандар. Әкесінің бауырмалдық пен кішіпейілділікке баулыған асыл қасиеті баласының болмысына біржола бекіп, кейінгі өмір белестері барысында молынан көмегін тигізеді. «Батаменен ел көгерер» дегендей, үлкен үміт күткен ұлдары мектеп бітіре сала текке уақыт жоғалтпай, қызу еңбекке араласты. Шағын кәсіп ашып адал еңбекпен нан табуға бекінді. Содан ол 2018 жылы Кәсіпкерлік палатасында «Бастау бизнес» курсына қатысып, дайындаған бизнес жоспарымен 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Алған ақшаға арнайы жылжайға қажетті поликарбонат материалын өзге қаладан алып келіп, шағын жылыжайдың құрылысын бастаған. Кейіннен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 2 миллион 100 мың теңге несиеге қол жеткізеді. Бұл қаражатқа жылыжай құрал-жабдықтарын сатып алып, отбасы мүшелерін жұмыспен қамтиды. Жыл сайын ерте көктем, күз мезгілдерінде өнім жинайтын кәсіпкер жылыжайға да жақсы жай керек екенін алға тартады. Бүгінде ұзындығы – 34, ені – 8,5 метр болатын екі бірдей жылыжай жүйелі жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер азаматтың айтуынша жылыжайдағы көшеттер өткен жылдың қазан айында егiлген. Атап айтар болсақ, 700 түп қияр, 300-400 түп тәтті болғар бұрышы егілген. Үш ай қыстың қара суығында жылыжай көмiр пештердiң көмегiмен жылытылған. Өнiмнiң алды наурыз айында пісе бастапты. Бiр тәуiрi, қазiр қиярға деген сұраныс жоғары. Одан бөлек 8500 түп «Sais» тұқымды қарбыздың көшеті де бар. Дәл қазіргі кезде ауыл тұрғындарынан бөлек көршілес Бәйгеқұм ауылы мен аудан тұрғындарын жылыжайдың табиғи өнімдерімен қамтамасыз етуде. Айта кетейік, қиярдың бағасы 600-650 теңгеден сатылып жатыр. Кәсіпкер өткен жылы 3 тоннаға жуық өнім алса, биыл да сол үдеден шығамын дейді. Одан бөлек топырақты тыңайтудың ең қарапайым әдісі шылаушын болып табылады. Біз айтып отырған биогумус дәрілерге қарағанда минералды заттарға бай келеді. Яғни соры шыққан жерлерді қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
– Жылыжайдың іші жыл он екі ай жылы болуы тиіс. Мен 2019 жылы бағасы 340 мың тұратын пешті алдырттым. Бұл пештің бір артықшылығы есік ашылған сәтте бірден салқын ауаны бойында сақтап тұрады. Мен тек қияр ғана емес, тәтті болгар бұрышын өсіруді де қолға алдым. Өйткені, әр көкөністің күйі бөлек. Мәселен, қияр ылғалдықты сүйеді. Оның қасына құрғақ ауада өсетін көкөністі өсіре алмайсың. Қиярдың бірнеше түрін өсіріп көрдім. Барлығының шығымы жақсы. Алда жоспарым көп. Мәселен, 1 гектар жерге қарбыз егуді бастағалы отырмын, – дейді жылыжай иесі Аюпхан.
Иә, қияр жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді. Кәсіпкердің айтуынша, қалыпты өсуі үшін жылыжай ішіндегі температура +17-18°С-тан кем болмауы тиіс. Осының бәрін ескеріп, жылыжайдың жылуын реттеп отырған жөн. Әсіресе, егілген күндері гүлденіп, тұқым байлана бастаған кезде ерекше күтімге алу керек. Тозаңдандыру үшін даладағыдай ара болмағандықтан, арнайы дәрілерді әрбір гүлге егіп шығады. Бір гектар жылыжайға 15-16 мың дана қиярдың көшетін отырғызуға мүмкіндік бар. 2-3 см тереңдікке сеуіп, 8х8 см құтыда өсіріледі. Өскін пайда болған кезде электр жарық жүйесін қосады. Көшетті жылы суды жаудыру жүйесі арқылы суарады. Өскін топырақ бетіне шыққаннан 12-14 күн өткен соң, өсімдіктер қатары бір-біріне жанасқанға дейін көшеттер бөлектеліп отырғызылады. Көшеттерді 30 күннен кейін тұрақты орындарына орналастырады. Осыдан кейін тез өседі. Өскінді отырғызар кезде оның 5-6 жапырағы, дамыған тамыр жүйесі, биіктігі 25-30 см, жер үстіндегі салмағы 35-40 грамм болуы тиіс екен.
Шағын жылыжай бір отбасының кәсібіне айналса, тұтас бір ауылды арзан, балғын өніммен қамтып отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында қолы аузына жеткен кәсіпкер, ел игілі үшін қызмет қылуды қалайды.
Шапағат ТІЛЕУБАЙ