Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

2025 жылдың 17 мамыр күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шиелі ауданы дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары арасында ұлттық спорт түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырылды.



Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және мешіт жамағаттары арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру.

Іс-шараны Шиелі аудандық Орталық мешітінің бас имамы Қожанов Рахат Серікбайұлы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс барысында қатысушылар гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту және қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Сайыс нәтижесінде бірінші орынды Шайзында мешіті командасы жеңіп алып, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Шиелі аудандық Орталық мешіті командасы иеленіп, 70 000 теңге сыйақымен марапатталды. Үшінші орын Бидайкөл мешіті командасына бұйырып, 50 000 теңге қаржылай сыйлық, сонымен қатар, кубоктар және арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, спорттық шараға ат салысып, белсене қатысқан әр командаларға 15 000 теңге қаржылай сыйлар мен алғыс хаттар табысталды.

Барлық жүлделер мен алғыс хаттарды Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы арнайы табыстап, құттықтады.​​​​
20 мамыр 2025 ж. 309 0