Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшылар сайыста сыналды

Спортшылар сайыста сыналды


Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес тамыз­дың үшінші жексенбісі спорт күні ретінде бекітіліп, жылда дәстүрлі түрде аталып келеді. Еліміздегі аталмыш саланың дамуына септігін тигізетін, халықты салауатты өмір салтын ұстануға үгіттейтін мерекені шиеліліктер де жоғары деңгейде атап өтті.
Бұл күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық ойындар жалауын желбіретті. Атап айтқанда, 10-11 тамыз күндері аудандық спорт кешенінде «Ақ бидай-2018» ауыл спортшылары ойындары өткізілді. Жарыс спорттың 7 түрі бойынша өтті. Аталған жарысқа ауданымыздың ауылдық округ командалары және Шиелі кентінен командалар қатысты. Сөйтіп, салауатты өмірді серік еткендер гір көтеру, қол күрес, кіші футбол, белбеу күресі, зілтемірді сығымдап көтеру, эстафета, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен күш сынасып, білектілер мен жүректілер алға озды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды 65 ұпаймен Талаптан ауылының командасы, ІІ орынды 62 ұпаймен еңбекшіліктер, ІІІ орынды 51 ұпаймен Төңкеріс ауылының спортшылары иеленді. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Аталған жарыста 700-ге жуық спортшылар бақ сынасқанын да айта кеткен жөн.

Б.Бәйімбет.
15 тамыз 2018 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930