КҮЛКІ – КӨҢІЛ АЖАРЫ

Мұнан соң сахнаға Алғабас ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Қытық» халықтық әзіл-сықақ отауының әртістері шықты. Талантты балалар Кенжебай Жүсіптің «Картоп» атты интермедиясын қойды. Сонымен қатар «Қытық» әзіл-сықақ отауының көркемсөз үйірмесінің оқушысы Жібек Ерікболқызы да әртістік шеберлігімен аудан жұртшылығын бір серпілтті. Расында,күлкі – көңіл-күйдің ерекше тебіренісі. Дәрігердің айтуынша, күлкі – адамның терісін жетілдіретін көрінеді. Келбетімізді сәнді, жүрегімізді мәнді қылып, шынайы күліп, өзгеге шаттық сыйлаудан жалықпайық. «Күлкі – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» демекші, ортамыз әрдайым қуанышқа тола берсін.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ