Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерге құрмет

Қаламгерге құрмет

Жуырда Досбол ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Қабілеті қарымды, өнегелі дарынды тұлға» атты қаламгер, сазгер, қайраткер Өркен Исмаилдың 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Жетпіс бестің желкенін тартып, қарбалас тіршілікте қаламынан сыр шертіп, жүрегінен жыр төгілген сегіз қырлы азаматтың мерейтойына ауыл әкімі Ержанбек Ахметов, ардагерлер және өңір тұрғындары қатысты.
Алғашқы сөз кезегін ауыол басшысы Е.Сүйіндікұлы алып, қолынан қаламы, иығынан баяны түспеген арда азаматқа ақжарма тілегін айтып, ыстық ықыласын білдірді.
– Шиелі ауданында жазушы да, ақын да, диқан мен мемлекет қайраткері де дүниеге келген. Олардың арасында әлемді мойындатқан тұлғалар да бар. Міне, біздің өңір – қасиетті жер. Сондай тұлғалардың қатарындағы елдің жанашыры, ауданның «Құрметті азаматы», ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер Өркен Исмаил ағамыз биыл 75 жасқа толуда. Елді ұйыстырып, татулық пен бірлікке шақыруда, өскелең ұрпаққа тәрбие беруде Өркен ағаның орны ерекше. Өрекеңнің қаламынан туындаған 50-ге тарта әні де көпшілікке танымал. Күнделікті күйбең тірлікте Өрекеңнің көңілді әндерін әрқайсысымыз айтқымыз келеді, – деді. Одан кейін мерекелік кештің басты кейіпкері Өркен Исмаилға арнайы құттықтау адресатын табыстады. Ал мәдениет қызметкерлері мерейлі жасқа жетіп, мерейі үстем болған Өркен Әзімханұлының иығына шапан жауып, ұлттық құндылықтың бір көрінісін сахна төрінде көрсетті.
Ақ тілектің тиегі ағытылғаннан кейін мерекелік кеш әсем әнге ұласты. Ауылдық клуб үйінің өнерпаздары көрерменге көңілді кеш сыйлады. Мерекелік кешке мерейтой иесінің достары ҚР жазушылар, журналистер одағының мүшесі Нұрмахан Елтай және ардагер Төрехан Ахметов, Әлияр Сейітов бірге келіп, өз тілектерін білдірді. Сондай-ақ Досбол ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Сармолдаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Нәлібаева, ауыл имамы С.Аймырзаев пен ардагер Ж.Машрапұлы, О.Мәдібаева жүрекжарды лебіздерін білдіріп, рухани кештің көркін кіргізді.
Мерекелік кеште Досбол ауылдық клубының қызметкерлері Өркен Исмаилдың «Әкешім», «Қазақстан», «Әйелдің жасы он сегіз», «Қайда ғана жүрсің сен» әндерін шырқап, «Биле, биле» би топтары өз өнерлерін паш етті.

Г.Әбдіхани
26 қараша 2024 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930