ӨМІР. ӨНЕР. ӨРКЕН

Мерекелік шарада Өркен Әзімханұлына медицина саласының ардагері, қоғам қайраткері Т.Маханов, заң саласының ардагері Қ.Хайруллаев, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры М.Аралбаев, №6 кен басқармасы бас директорының орынбасары А. Қайырбекұлы, Шиелі аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Б. Мұхановтар да жылы лебізін білдірді. Шара соңы аудандық полиция қызметкерлерінен құралған «Жалын» хор ұжымының орындауында «Полиция маршы», «Полицейлер көз ілмес», «Ұлы дала ұланымын» әндерімен қорытындыланды.