Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ӨСКЕН-ӨҢІР» ГАЗЕТІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨСКЕН-ӨҢІР» ГАЗЕТІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Тарихи кезеңдерге таразы болған басылым» атты танымдық конференция өткізілді. Танымдық конференцияға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Абдрахманов, журналист, заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Ақайдар Ысымұлы, мемлекет қайраткері Алтыншаш Жағанова, жазушы, журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Сәрсенбек Бекмұратұлы, жазушы-журналист Әлібек Асылбайұлы, ақын Қатира Жәленова, Сыр елінің аяулы қызы, ақын Қаршыға Есімсейітова, «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама жасады. Конференция барысында «Өскен өңір - 85» атты кітаптың тұсауы кесіліп, газет редакторы Нұрболат Сәдуақасұлына аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың арнайы құттықтауын аудан әкімі табыс етті. Сондай-ақ шара барысында бірқатар азаматтарға газеттің 85 жылдық төсбелгісі табысталды.



18 қазан 2024 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031