Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаилмен бірге 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ардагерлерді ардақтап, шаңырағына арнайы барып құттықтады. Аудан басшысы алдымен, ғасыр жасаған тыл ардагері – Әділхан Османовтың шаңырағында болып, қарияны төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, 90 жастағы кейуана – Нысанкүл Оразымбетованы, 96 жастағы тыл ардагері, білім саласының ардагері – Майра Бірімжанованы арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Ардақты ардагерлер аудан әкіміне ерекше алғыстарын білдіріп, қазақтың салтымен ақ батасын беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 қазан 2024 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728