АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРІМІЗГЕ ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЛІБАЕВ НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКIЗДI

Аудан әкімі 97 жастағы "Алтын алқа" иегері Ауаш Еспанованы 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ал, 96 жастағы тыл ардагері Майра Бірімжанованы аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтаса, 89 жастағы тыл ардагері, 7 баланың анасы, "Алтын алқа" иегері жуантөбелік Наужан Бекайдарованы аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы құттықтап, шаңырағына барды.
Аналар арнайы құттықтап келген азаматтарға алғыстарын айтып, ақ батасын берді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі