Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АСЫЛ ӘЖЕЛЕРДІ, АЯУЛЫ АНАЛАРДЫ, АРУЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АСЫЛ ӘЖЕЛЕРДІ, АЯУЛЫ АНАЛАРДЫ, АРУЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында аудан әкімі ауданымыздың нәзік жанды аруларын шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, бірқатар сала мамандарын облыс әкімінің құттықтауымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
"Әлемді әлдилеген ана жөнінде жазылмаған дастан, айтылмаған ән, арналмаған асыл сөз кемде кем.«Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, сендік қызу мың есе артық жердің тарту күшінен», - деп ақындар жырлағандай, адамзат баласына өмір сыйлаушы құдірет иелері болмаса, өмір де жоқ. Тарих қойнауында қалған қаншама айтулы оқиғаларда да аналарымыздың ерен еңбектері, ержүрек батырлығы, елбасына күн туған сәттерде елі үшін, баласы, ері үшін жанкешті тірліктері өшпестей із қалдырған. Қазіргі таңда да әйелдер қауымы өмірге ұрпақ әкеліп, шаңырақты шаттыққа бөлеп қана қоймай, қоғамның қай саласында болмасын ер азаматтармен қатар жүріп егеменді елімізді дамытуға аянбай еңбек етіп келеді. Ауданмызда өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге бола білген алтын құрсақты аналар жеткілікті. Солардың ішінде 975-і «Алтын алқа», 1581-і «Күмісалқа» иегері бар. Мұнан бөлек, сіздер өңірдің көркейіп, білім және денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы сынды сан түрлі саласында ауданымыздың оза шауып, асығы алшысынан түсуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сол үшінде сіздер бар жақсыға, құрметке лайықсыздар", – деді Нұржан Сәбитұлы.
Мұнан соң шара концерттік бағдарламаға ұласып, кеш қонағы Наркенже Серікбаева және басқада өнерпаздар әннен шашу шашты.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
07 наурыз 2024 ж. 125 0