АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы тыл ардагерлерінің отбасына барып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап шықты.
Алдымен, аудан басшысы Алмалы ауылындағы 100 жастағы тыл ардагері Әділхан Османовтың шаңырағында болды.
Аудан әкімі сұрапыл соғыс кезінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен таң сәріден, кеш батқанға дейін қажырлы еңбек етіп, соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қайсарлықпен көтерген тыл еңбеккеріне ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Одан соң, Бестам ауылындағы 99 жастағы тыл ардагері Зейнеп Қадарқызының отбасына барып, мейраммен құттықтады.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, «Аманат» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасы Болат Сыздық және аудан әкімінің орынбасарлары аудан әкімінің құттықтауын бірқатар тыл ардагерлеріне жеткізді.
Үлкенін құрметтеп, ізгілік жолымен келе жатқан ел ісіндегі азаматтарға ардагерлер ризашылықтарын жеткізіп, ақ батасын берді.