«7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ» ОРАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында түрлі салада табысты қызмет етіп, аудан дамуына өз үлес қосып жүрген ер азаматтардың қатысуымен марапаттау шарасы өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жүргізіп, барша ер азаматтарды айтулы мерекемен құттықтады, әрі бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғысын табыс етті.
Атап айтар болсақ, марапаттау шарасында Ауған соғысының ардагері, Чернобыль, Семей полигонының ардагерлері, «Тәжік-Ауған» шекрасындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері мен сот, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, өрт сөндіру, шекара бөлімі қызметкерлері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы, сондай-ақ, аудандық «Өскен-өңір» газетінің фототілшісі, су басқан аймақтарда зардаптарын жоюға белсене үлес қосқан «Гежуба Шиелі цемент», «Шиелі-Жолшы» ЖШС, «Ақмая» шаруа қожалығының автокөлік жүргізушілері марапат төрінен көрінді.
Шара соңында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Өркен Исмаил, қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішов, аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков жиылғандарға ақ тілегін жеткізіп, мерекемен құттықтады!
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі