Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов, Назерке Талғатова, Дәулет Жұмбеков Шиелі ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесті.


Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері Қазақстан үшін АЭС құрылысының стратегиялық маңызын, атом электр станциясын салудың қажеттілігін түсіндірді.
Жиында республикалық Халықтық штабтың мүшесі Мұрат Әбенов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті. «Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», – деді ол.
«АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына оң әсер ететіні анық. Сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек деп ойлаймын», - деді Мұхиджан Кәрімбаев.
Өз кезегінде аудан тұрғындары түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, атом электр станциясының салынуын қолдайтындықтарын білдірді.
20 қыркүйек 2024 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031