ҚАРҒАЛЫДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Айтбай Жандарбеков Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында Айтбай Жандарбеков сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарын таныстырды. Аудандағы өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бағытында инвестиция тарту мәселесіне басты назар аударып, жаңа жұмыс орындарын ашу, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Шиелі ауданындағы ауылдық елді мекендердің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, аудан бойынша ауылшаруашылығы саласын дамыту, әртараптандырылған егіс көлемін арттыруға бар күш жігерін салатынын айтып өтті. Сонымен қатар кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Жанкелді Ысқақ, Тұрмат Баймағанбетов, Жібек Баймұратова, Насырбек Мырзабеков, Бекішев Қабілеш, Мұханбетжан Салқынбаев, Біржан Өтебаев, Рамазан Әнәпия қатысып, кандидатты қолдап пікір білдірді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары үміткер Айтбай Жандарбековке сәттілік тілеп, ауыл ақсақалдары батасын берді.