Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Айтбай Жандарбеков Шиелі ауданының ардагерлер қауымымен кездесті. Келелі кездесуде Айтбай Жандарбеков сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарын таныстырды. Шиелі ауданының инфрақұрылымдарын кеңейтіп, азаматтардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау, Аудан көлемінде жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтылуына баса назар аудару, Шиелі кентіндегі орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін күш салатынын айтты. Жиын барысында ардагерлер соз алып, ауданның өзекті мәселелер көтеріп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген шараларға оң бағасын берді. Сондай-ақ кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Жанкелді Ысқақ, Насырбек Мырзабеков, Тілеубек Бабасов, Исабек Байкенжеев, Бекішев Қабілеш, Нұргүл Шалекеева, Біржан Өтебаев, Рамазан Әнәпия, Жантас Қасымов, Мұрат Айдаров қатысып, қолдау білдірді. Кездесу соңында ардагерлер үміткер Айтбай Жандарбековке сәттілік тілеп, батасын берді.



29 тамыз 2024 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031