Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ АҚМАЯДА ЖАЛҒАСТЫ

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ АҚМАЯДА ЖАЛҒАСТЫ

«АMANAT» партиясының атынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Айтбай Жандарбеков сенімді өкілдерімен бірге Ақмая ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Айтбай Жандарбеков сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, Аудан көлемінде жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтылуына баса назар аудару, аудандағы өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бағытында инвестиция тарту мәселесіне басты назар аударып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, Кент және ауылдық округтердегі ыза су деңгейін реттеу - жер асты суларының деңгейін мелиорациялық шараларды жүзеге асыру арқылы коллекторлы-дренажды насос (су төгетін сорғы) орнату жұмыстарын шешуге бар күш жігерін салатынын айтып өтті. Сонымен қатар кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Болат Сыздық, Дәулет Жұмбеков, Тілеубек Бабасов, Жібек Баймұратова, Насырбек Мырзабеков, Дәурен Досмағанбетов, Мәден Әлжанов, Мұрат Тұрабаев қатысып, алдағы жасалатын игі шараларды айтып өтті. Ауыл тұрғындары партия үміткері Айтбай Жандарбековтың сайлауалды бағдарламасына оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

26 тамыз 2024 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031