Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН БАСТАЛДЫ

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН БАСТАЛДЫ

Бүгін «АMANAT» партиясының атынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы сенімді өкілдерімен бірге Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Айтбай Насриддинұлы сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, Аудандағы өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бағытында инвестиция тарту мәселесіне басты назар аударып, жаңа жұмыс орындарын ашу, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Шиелі ауданындағы ауылдық елді мекендердің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, аудан бойынша ауылшаруашылығы саласын дамыту, әртараптандырылған егіс көлемін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық беру және аудан көлеміндегі ірі кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау және қажетті жағдай жасалуына, кент және ауылдық округтердегі ыза су деңгейін реттеу - жер асты суларының деңгейін мелиорациялық шараларды жүзеге асыру арқылы коллекторлы-дренажды насос (су төгетін сорғы) орнату жұмыстарын шешуге бар күш жігерін салатынын айтып өтті. Сонымен қатар, кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Болат Сыздық, Дәулет Жұмбеков, Тілеубек Бабасов, Жібек Баймұратова, Исабек Байкенжеев, Насырбек Мырзабеков, Қалмырза Қасымов, Болат Сүлейменов, Мұханбетжан Салқынбаев, қатысып, алдағы жасалатын игі шараларды айтып өтті. Ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін айтып, үміткер Айтбай Жандарбековке алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

26 тамыз 2024 ж. 132 0