Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИІРКӨЛ, МАЙЛЫТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

ИІРКӨЛ, МАЙЛЫТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергенов пен аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков және аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтерінде болып, тұрғындарға елді-мекендердің жаңа әкімдерін таныстырды.
Жиын барысында Алмат Әбдуәзизұлы жаңадан сайланған әкімдерге зор міндет пен жауапкершілік жүктелгенін сол сенімнің үдесінен шығу үшін қос азамат бар күш-жігерлерін жұмсап, жүйелі жұмыс атқару керектігін айтты. Аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Насриддинұлы болса, ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, сайланған әкімдерге қолдау білдіріп, жанынан табылуға шақырды. Келесі кезекте сөз алған ауыл ақсақалдары осыған дейін қызмет атқарған ауылдық округ әкімдеріне сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Ал, жаңа ауыл әкімдеріне тек қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Айта кетейік, дауыс беру нәтижесінде Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып Байділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы сайланса, Майлытоғай ауылдық округі әкімі болып Мамбетов Әбілқасым Әбілдаұлы сайланған болатын.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
13 тамыз 2024 ж. 304 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930