Халық қалаулысын халық сайлайды
Осыдан екі жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл әкімдері мен кент әкімдерін халықтың дауыс беруі арқылы сайлауды ұсынған болатын. Тың бастама жылдам қолдау тауып, былтыр бірнеше ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарының дауыс беруімен сайланып, халықтың қалаулысы деген атқа ие болды.
Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, өткен апта соңында Шиелі ауданындағы Тартоғай, Жуантөбе, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдері мен Шиелі кенті әкімі халықтың дауыс беруі арқылы сайланды. Мәселен, Тартоғай ауылдық округі әкімі лауазымына 3 үміткер ниет білдіріп, нәтижесінде ауыл халқының 82,42 процент дауысымен Ақылбек Ахметов ауыл әкімі атанды. Ал Сұлутөбе ауылдық округінде бұған дейін әкім болып келген Кажданбек Маматов халықтың 91,96 процент даусының арқасында әкімдікке қайта сайланды. Жуантөбе ауылдық округіне келер болсақ, мұнда сайлау науқаны тартысты өтті. Әкім болуға ниет білдірген қос кандитат та халықтың қолдауына ие болып, нәтижесінде 52,56 процент дауыспен Азамат Есімов ауылдық округ әкімі болды. Кенттің жайына келер болсақ, мұнда айтарлықтай тартыс байқалмады. Дегенмен кент тұрғындары белсенділік танытып, 16 мыңнан астам тұрғын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Нәтижесінде сайлаушылардың 91,3 процент дауысымен Шиелі кентінің су жаңа әкімі болып, бұған дейін Талаптан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Аманкелді Өмірәлі сайланды. Сайлау қорытындысынан кейін көп ұзамай, жаңадан сайланған халық қалаулыларын аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы барып, ауыл халқы мен әріптестеріне таныстырды.

Р.БЕКТҰРҒАН