Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 40 ауылдық округтің әкімі сайланады

Қызылордада 40 ауылдық округтің әкімі сайланады

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл әкімдерін сайлау Қызылорда облысының жеті ауданында өтіп жатыр. Бүгін 40 ауылдық округтің әкімдері сайланады.

Дауыс беру облыстағы 54 сайлау учаскесінде өтеді. Оған комиссияның 304 мүшесі қатысады. Барлық сайлау учаскесі бүгін сағат 06:00-де ашылып, тиісті хаттамалар жасалды, жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға бюллетеньдер береді. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала ақпарат сағат 21:00-де беріледі, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев.Қазіргі сайлаудың маңызы зор. Өйткені тұрғындар ауылымыздың болашағы үшін жұмыс істейтін әкімді сайлайды. Мен өз таңдауымды жасадым. Көпшілік дауыспен сайланған әкім ауылымыздың заман ағымына сай дамып, гүлденуі үшін бар күш-жігерін салатынына сенімдімін, - деді ол.
Арал ауданы Қызылжар ауылының №13 сайлау учаскесінде ауыл тұрғыны, зейнеткер Зейнегүл Қожабергенова бірінші болып дауыс берді.Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, сағат 09.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 2564- 7% құрап отыр. https://baq.kz
25 шілде 2021 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930