«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалағымен «Ауыл Аманаты» жобасы аясында өңірге бөлініп отырған «2,5 пайыздық 3 млрд теңге көлеміндегі несие қаражатын ұтымды пайдаланудың жолдары» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, жауапты бөлім басшылары мен кент әкімі Аманкелді Өмірәлі, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері «зум» желісі арқылы қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі 2,5 пайыздық несие қаражатын алудың жолдары мен шарттарын тұрғындарға толықтай түсіндіру керектігін айтып, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков сөз алып, жобаның шарттары мен қаржыландыру бағыттарын түсіндірді.
«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) Ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) Мал шаруашылығын дамыту;
5) Басқа бағыттағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды;
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;
Жоба әкімшісі ретінде облыстық ауыл шаруашылығы және қатынастары басқармасы белгіленсе, сенімді өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК« ҰҚ» белгіленіп отыр. Ал, жоба «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ арқылы жүзеге асырылатын болады.