Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МАРАФОНЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ӨТТІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МАРАФОНЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм, Алғабас, Тұран ауылдарында «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының алға қойған міндеттерін түсіндіруге арналған мобильді топ өкілдері ауыл тұрғындармен кездесті.

Кездесулер барысында мобильді топтың мүшелері «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттарын айқындап, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша ақпараттар берді. 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Тұрғындарға ауыл шаруашылығы саласының дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін жобаның бірнеше ерекшеліктері атап көрсетілді.

Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, нақты жауаптар берді.

Шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.
11 тамыз 2022 ж. 1 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031