«Ауыл аманатының» алар асуы алда
«AMANAT» партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сәйкесінше, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы толыққанды танысады.
Жылдық мөлшерлемесі 2,5 процентті құрайтын жеңілдетілген несиені қайдан алуға болады? Кооперативті не үшін құру керек? Мемлекет техниканы лизингке алуға көмектесе ме? Еліміздің барлық өңіріне 40 күндік ақпараттық марафонға аттанған партияның мобильді топ мүшелері осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беруге дайын. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны іске асыруға арналған бюджеттік несиелер бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді. Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады.
«Ауыл аманаты» алғашқы мобильді тобының жұмысы 28 шілдеде Маңғыстау облысында басталды. 1-5 тамыз аралығында мобильді топ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарына аттанады. Қалған өңірлерде жұмыс кестеге сәйкес жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, биыл маусым-шілде айларында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2 346 ауылдық округ әкімі оқытылды.
«Өскен өңір» ақпарат