Ауылдарды дамытуға бюджеттен 30 млрд теңге бөлінді
Ел ауылдарын дамытуға қазынадан 30 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қаражат ауылдардағы өмір сапасын жақсартып, білікті маман тартуға бағытталады. «Ауыл ел бесігі» жобасы арқылы да бірқатар мәселенің түйіні шешілмек. Сонымен қатар, дипломмен ауылға биыл аттанған 5 мыңнан астам маман 100 АЕК көлемінде көтерме жалақы алған. Олардың 42 пайыз білім саласында қызмет етеді. 2025 жылға дейін ауыл тұрғындары инфрақұрылымен толықтай қамтылатын болды. Жалпы еліміз бойынша 6454 ауылдық елді мекен бар. Оның 3477-інде 1150 тірек ауыл болады. Яғни, қызмет көрсету орталықтары нақты сол жерде қолжетімді болмақ.
24.kz