Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҰРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Айтбай Жандарбеков Тұран ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Келелі жиында Айтбай Жандарбеков сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарын таныстырды. Шиелі ауданындағы ауылдық елді мекендерді сенімді және жоғары сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр желілеріне күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау және Шиелі ауданындағы, оның ішінде шалғай орналасқан елді мекендердің ішкі жолдарының сапасын арттыру мақсатында қажетті шараларды қабылдап, тиісті жұмыстарын жүргізу үшін күш салатынын айтты. Сондай-ақ кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Болат Сыздық, Дәулет Жұмбеков, Тілеубек Бабасов, Жібек Баймұратова, Насырбек Мырзабеков, Дәурен Досмағанбетов, Мәден Әлжанов қатысып, қолдау білдірді. Жиын барысында ауыл тұрғындары кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген шараларға оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

26 тамыз 2024 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031