Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КАНДИДАТ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КАНДИДАТ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясынан Шиелі ауданы әкімі лауазымына үміткер Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы Жақаев ауылының тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесуде Айтбай Жандарбеков сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарын таныстырды. Шиелі ауданындағы, оның ішінде шалғай орналасқан елді мекендердің ішкі жолдарының сапасын арттыру мақсатында қажетті шараларды қабылдап, тиісті жұмыстарын жүргізу, Шиелі ауданындағы ауылдық елді мекендерді сенімді және жоғары сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр желілеріне күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бар күш-жігерін жұмысайтынын айтты. Сондай-ақ кандидатты қолдау жөніндегі штаб мүшелері, сенімді өкілдері Болат Сыздық, Дәулет Жұмбеков, Тілеубек Бабасов, Жібек Баймұратова, Исабек Байкенжеев, Насырбек Мырзабеков, Құттықыз Ыханова, Айнұр Архабаева қатысып, кандидатты қолдап пікір білдірді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары үміткер Айтбай Жандарбековке сәттілік тілеп, ауыл ақсақалдары батасын берді.

















26 тамыз 2024 ж. 124 0