Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БИБІ-АНА" АТТЫ ЕЛ-АНАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

"БИБІ-АНА" АТТЫ ЕЛ-АНАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығында «Ұлттық мұра» жобасы аясында еңбек ардагері, Шиелі ауданының "Құрметті азаматы", ауданымыздың "Бибіпатымасы" атанған Ұлман Мәмірееваның 100 жылдығына орай "Бибі-Ана" атты ел-аналары арасындағы облыстық байқау болып өтті.
Байқау барысында қатысушы ел-аналар және құрметті қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтті. Ұлман Мәмірееваға арналған көрме қойылды. Сондай-ақ қатысушы талапкерлер өздерінің жасаған қолөнер бұйымдары арқылы көрерменге таныстырылды.Байқаудың алғы сөзі "AMANAT" партиясы Шиелі ауданының филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, партия ардагері Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлына берілді. Сондай-ақ Ұлман Мәмірееваның қызы Құралай Жәлелқызына сөз беріліп, арнайы сый-сияпат табысталды. Республикаға белгілі ақын, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Кенжебай Жүсіп халыққа деген шынайы ақ пейіліменен жырдан шашу шашты. Байқауға Қызылорда қаласы, Арал ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Жаңақорған ауданы, Шиелі аудандарынан талапкер ел-аналары қатыстырылды. Байқауға Шиелі ауданының "Құрметті азаматы", аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, қазылар алқасының төрайымы Палымбет Нәйла Әбілқасымқызы, еңбек ардагері, Шиелі ауданының "Құрметті азаматы", қазылар алқасының мүшесі Бабасов Тілеубек Тәлепұлы, мәдениет саласының ардагері, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры, қазылар алқасының мүшесі Ыханова Құттықыз Шайыққызы төрелік етті. Байқауға қатысушы аналар 4 кезең бойынша өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын Шиелі ауданынан Қалендерова Злиха, Жалағаш ауданынан Беримова Несібелі, Қызылорда қаласынан Төбелбай Ізімкүл иеленді. Жүлделі ІІ орын Сырдария ауданынан Әлжанова Мәрияш, Жаңақорған ауданынан Абдуллаева Назгүл иеленсе, жүлделі І орынды Арал ауданынан Өткелбаева Перуза иеленді. Бас бәйгенің Бас жүлдесін Шиелі ауданынан Өмірзақова Шаштан қанжығалады.

15 тамыз 2024 ж. 140 0