Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛМАН МӘМІРЕЕВАНЫҢ 95 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

ҰЛМАН МӘМІРЕЕВАНЫҢ 95 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ


Аудандық мәдениет үйінде «Шиелі ауданының Бибіпатымасы» атанған Ұлман Мәмірееваның 95 жас мерейтойына орай «Еңбегімен еленген Ел анасы» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы сөз алып құттықтап, сый құрмет көрсетіп, ақ жаулық тағып, иығына қамзол жапты. Содан соң облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы Байқадамовтың құттықтау хатын табыстады.
Бүгінгі кездесуге ауданымыздың ғана емес, облыс орталығынан да мәртебелі меймандар қатысты. Ұлман анамызға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Ермағамбетова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Оразымбетов, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», мемлекеттік «Алаш» сыйлығының иегері Қатира Жәленова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын – журналист Қаршыға Есімсейітова өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.
Кеш басында анамыздың өмірі мен еңбегі жайлы бейнеролик көрсетілді. Бұл кеш ана есімін ардақтап, құрметтеп, өнегелі өмірі мен ұлағатты ісін ұлықтаған мазмұнды шара болды.
Аудандық Ішкі Саясат Бөлімі ФБ парақшасынан.
13 сәуір 2019 ж. 1 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930