Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛЫП, КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛЫП, КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ


Сейсенбі күні ауданның іргесінде орналасқан атақты күрішші Ыбырай Жақаев ауылында Сыздық Боқаев атындағы көшеге қойылатын ескерткіш-белгінің ашылу салтанаты аталып өтіп, сондай-ақ, ауылының өсіп-өркенденуіне айтарлықтай үлес қосқан азаматтың өмірі мен жүріп өткен жолын баршаға насихаттау мақсатында ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.
Ескерткіш белгінің ашылу салтанатында Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы сөз сөйлеп, аталмыш шараның кейінгі ұрпақтың отаншылдық сезімін нығайту мен елі үшін аянбай еңбек етуге шақырар мәніне тоқталды. «Шиелі ауданына биыл 90 жыл толғалы отыр, осы уақыт аралағында бұл өңірде небір айтулы оқиғалар, қоғамдық өзгерістер орын алды. Осы жолда халқы үшін еңбек сіңірген өнегелі азаматтарымыздың мол болғандығы анық.
Сол ардақтыларымыздың қатарында «Қызылту» колхозының іргесін көтеріп, ұжымдық тіршілікке ұйтқы болған Сыздық Боқаев секілді ағаларымыз бар. Солардың ісін жаңғыртып, есімін еске алып отыру – біздің бүгінгі парызымыз», деген аудан басшысы нақты кезеңдегі аймағымыздағы Елбасы бағдарламаларының тиянақты орындалып отырғандығын тілген тиек етті. Сонан соң, бірқатар ардагерлер естеліктер айтты.
С.Боқайұлы кезінде 1917 жылдан бастап, 1924 жылдарға дейін Ташкент-Орынбор темір жолында томар тасушылар бригадасын басқарған. Мұнан соң, МТС директорының көмекшісі, одан әрі директоры, аупартком нұсқаушысы т.б қызметкерді абыроймен атқарып, жүрген ортасына сыйлы болды.
Ауылдық мәдениет үйінде Сыздық Боқаев атындағы шахматтан ардагерлер арасындағы жарыс өткізіліп, ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Алғашқы сөзді жазушы Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, Сыздық Боқаевтың ұрпағы Қуандық Түменбай алып, Сыздық Боқайұлының қайраткерлігі мен өмір жолындағы қадау-қадау істерге тоқталып, баяндама оқыды. Көргені мол қарияның өзінен өрбіген балаларына терең білім беріп, әрқайсысының өмірден өз орнын табуына, парасатты азамат болуына жол сілтеген өнегесі де сөз етілді. Жиын барысында, Алматы қаласы тіл басқармасының төрағасы Мамай Қани, Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек
Оразымбетов және басқа да азаматтар сөз сөйледі.
«Өскен өңір» ақпарат.
11 тамыз 2018 ж. 2 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031