Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 млн теңгеге дейін грант тағайындалды
«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік БАҚ пен блогерлер арасында грантқа байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, гранттар сомасы 3-тен 7 млн теңгеге дейін.
Қаржылық қолдауға ие бола алатындар:
Өңірлік шағын БАҚ;
Цифрлы контент авторлары (блогерлер).
Шағын өңірлік БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдер 2024 жылғы 25 маусымнан 15 шілдеге дейін, блогерлер арасында – 2024 жылғы 25 маусымнан 24 шілдеге дейін қабылданады.
Екі байқаудың да екі кезеңі болады. Бірінші кезеңде комиссия ең үздік өтініш берушілерді таңдайды. Екінші кезеңде авторлар өз жобасын қорғауы керек.
Айта кетейік, 14 жастан бастап қазақстандықтар блогерлерге берілетін грантқа үміткер бола алады.
Конкурс шарттары туралы толығырақ: www.mdq.kz, e-mail: grants.mdq@gmail.com. Instagram: @media.damytu.qory