Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне грант бөлінеді

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне грант бөлінеді

16 мамырда еліміздің 14 облысында ҰБТ басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 4 күннің қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне грант бөлінеді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы мектеп бітірушілер саны 188 245 адамды құрайды. ҰБТ-ға тапсырылған өтініштердің саны 2 әрекетті есепке алғанда 330 116 адамды құрайды, оның 293 186-сы ағымдағы жылғы мектеп түлектері, оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен 6 облыстан 59 799 өтініш бар.

«Төтенше жағдай жарияланған 6 облыста (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан)  жағдайды ескере отырып, ҰБТ осы жылдың 25 мамыры мен 12 шілдесі аралығында өтеді. Бұл өңірлер бойынша да өтініштерді қабылдау 20 мамырға дейін ұзартылды», деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен 6 облыстың мектеп түлектерін қолдау мақсатында жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысының 20% (немесе 12 528 грант) квота түрінде гранттар бөлу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың толық қамтылуын қамтамасыз етіп және оқудың барлық бағыттары бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
  
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті

21 мамыр 2024 ж. 158 0