Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдау алды

12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдау алды

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу үдерісі жалғасып жатыр. Үкімет бұл жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атқарып жатыр.

12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдау алды

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды.
Биылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 871 тұрғын үй тексеріліп, 2 230 нысанда бағалау жұмыстары жүр­гізілді.
468 үйде жөндеу жұ­мыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отба­сыға қираған баспана­ларының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бо­йынша барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
27 сәуір 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930