Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды
 Батыржан Беспаев

Біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, ал қалған аудандарда 100 АЕК (369 мың теңге) болып белгіленген.
Бүгінгі күні Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі – қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру. Облыста 1272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуір күні 960 отбасыға 313 млн астам сома төледі.
13 сәуір 2024 ж. 206 0