Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОҚЫРМАН – ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ

ОҚЫРМАН – ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ

Бүгінде аудан тұрғындарының жаңалық жаршысына айналған ата басылым – «Өскен өңір» газетіне 85 жыл толып отыр. Адамзатты белгілі бір ортақ ұлттық мүдде жолында қызмет етуге үндеп, қоғамдағы күрмеуі қиын мәселелердің түйінін шешуде басылымның маңызы зор. Ал осы тың тарихтың үніне үн қосып, газеттен бір елі ажырамай жүрген оқырманның орны бір бөлек. Себебі әр газет өз оқырманымен өміршең.
«Өскен өңір» газетін қазірде аудан орталығынан бөлек ауылдық округ тұрғындары тұрақты тұтынады. Ондағы құнды ақпаратқа қанығып, мақаланың мазмұнын саралап, бағасын беріп отыратын оқырмандар легі жөнінде де сөз қозғауды жөн көрдік.
ЕҢ КӨП ГАЗЕТ ОҚИТЫН АУЫЛ
Баспасөзге қатысты деректерді ақтара отырып, «Өскен өңір» газетін көп тұтынатын ауылдарды анықтадық. Олардың көшін бас¬тап Бидайкөл ауылы тұр. Барлығы 221 дана газет жеткізілетін мекеннің тұрғындары әрдайым жарияланған ақпараттың бағасын беріп, пікірін білдіріп отырады.
Жақаев ауылы да аталған көштің басында тұр. Бұнда «Өскен өңірдің» 208 данасы жеткізіледі.
Ал Нартай ауылы 202 дана газет санымен келесі орынға тұрақтады.
ЕҢ КӨП ГАЗЕТ ОҚИТЫН МЕКЕМЕ
Аудандағы мекемелер арасында ата басылымның басым бөлігін ГРЭ-23 жұмыс орны оқиды. Аталған мекемеге барлығы 350 газет жеткізіледі.
Келесі орынды «Шиелі-Сұңқар» жұмыс орны иеленген. Мекеме қолданысында 236 дана газет.
«РУ-6» кәсіпорнының еншісінде – 170 газет.
ЕҢ КӨП ГАЗЕТ ОҚИТЫН МЕКТЕП
Аудандағы білім ордалары да төл басылымды үзбей оқып отырады. Мектептер арасында ең көп газетке жазылған мекеме – А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейі. Жазылушылар саны – 160.
Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектепке 148 дана газет жеткізіледі.
Ал Абай атындағы №50 орта мектебі 124 дана газеттің оқырманы болып отыр.

Фото: klike.net

19 наурыз 2024 ж. 147 0