100 % аудандық газетке жазылған бөлім
Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ендеше, ол халықпен бірге болуға тиіс. Оның ішінде қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық тақырыптарда тыңнан түрен салып, рухани-мәдени тақырыптардың майын ішіп, жілігін шаққан, елдің сауатын ашушы құралға айналған аудандық «Өскен өңір» газетінің орны ерекше.
Өз басым өзге басылымдардан гөрі, аудандық «Өскен өңір» газетін әрқашан бірінші орынға қоямын. Себебі, ауданның айнасына айналған бұл басылым 80 жылдан астам уақыт біздің Шиелімен бірге жасап, түрлі тарихи оқиғалардың куәсі болды. Кезінде Дүйсенбі Смайылов, Зәкім Жайлыбай, Алтай Айып, Өркен Исмаил, Дүйсенбек Аяшұлы сынды білікті басшылар басқарған басылымды бүгінде жас болса да, бас болып жүрген Нұрболат Пірімбет басқаруда. Газет тілшілері де алдыңғы буынның ізін жалғап, елдегі тұрақтылық пен ынтымақты, бірлік пен татулықты сақтауға ерекше үлес қосып келеді десек, артық айтқандығымыз емес.

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялар қанша дамып кетсе де, ол біздің аудандық газетке деген құрметімізді кемітпеуі тиіс. Өйткені, жергілікті басылымның өміршең болуына, ауданның әрбір азаматы жауапты. Осынау абыройлы міндетті түсінген полиция бөлімінің үлгілі ісін естіп, бір марқайып қалдым. Білуімше, аталған бөлімнің 112 қызметкері түгелдей «Өскен өңір» газетіне жазылып, аймақта орын алып жатқан жағымды жаңалықтарды бірінші болып білуге ниет білдірген көрінеді. Расында, мақтауға тұрарлық, көпке үлгі етіп көрсетуге лайықты іс. Полиция бөлімін елдің қорғаны, тіреуі десек, газет жаңалықтың жаршысы. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай атамыз айтпақшы, бөлімнің аудандық басылымға деген сенімі мен білдірген құрметіне алғысым шексіз. Енді, осынау ізгі қадамды өзге бөлімдер де жалғап, «Өскен өңір» газетінің өміршең болуына үлес қосса, құба-құп болмақ.
Әбдімомын Алдияров,
Қазақстан Халық партиясы Шиелі аудандық филиалының өкілеттілігінің төрағасы, Шиелі аудандық полиция бөлімінің
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Халық партиясы Шиелі аудандық филиалының өкілеттілігінің төрағасы, Шиелі аудандық полиция бөлімінің
ардагерлер кеңесінің төрағасы