Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрағатта сақталады мұрамыз

Мұрағатта сақталады мұрамыз


Жуырда ғана бой көтерген тарихи-өлкетану мұражайының жұмыс қарқыны баршамызды тәнті етіп келеді. Жыл көлемінде түрлі тарихи жәдігерлерді жиып-теріп, мұражайды мол мұраға толықтырған қызметкерлердің еңбегі зор. Өлкенің тарихынан сыр шертетін құнды дүниелерге қол жеткізу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған мұражай басшысы Өсербек Төребайдың мұрағаты тағы да жәдігермен толыға түсті. Осыдан 79 жыл бұрын жарық көрген аудандық «Өскен өңір» газетінің алғашқы нөмірін бас редактор Нұрболат Пірімбет мұражайға табыс­тады.
Алаш қайраткері Ахмет Байтұр­сы­нов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген болатын. Сондай-ақ, газет елдің өткені мен бүгінін, тыныс-тіршілігін, әлеуеті мен экономикасын саралайтын бірден-бір құжат. Осындай құнды дүниелерді редакция ұжымы тарихи-өлкетану мұражайына аманаттай отырып, өлкенің тарихын зерделеуге өзіндік үлесін қосты.
«Бір өлкенің тарихын білу үшін сол жердегі мұражайға соқсаңыз болғаны» деп әсте бекер айтпаса керек. Ескінің естеліктері көп болатыны белгілі. Сондықтан, әр заттың астарында бір ғасырлық тарих бар. 79 жылдық тарихында редакцияда қызмет етіп, қаламы қаруына, жазғаны қалқанына айналған басшылар мен тілшілердің еңбектері мен суреттері және пайдаланған жабдықтары да мұрағатқа қойылды. Жазу машинасы, фотоапараттары мен видеоқұрылғы сынды көненің көзіндей сақтап келген мұраларымыз енді тарихи өлкетану мұражайының мұрағатында сақталатын болады.
22 қаңтар 2018 ж. 1 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031